«Мектепке жол» Республикалық акциясы басталды. » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектепке жол» Республикалық акциясы басталды.
26
шілде
2022

«Мектепке жол» Республикалық акциясы басталды.

Алматы қаласы Наурызбай ауданы "№188 мектеп-гимназия" КММ -де «Мектепке жол» Республикалық акциясы басталды.👏👏👏
📌Акцияның ұраны: Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.
📌Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
🗒️Акция 2022 жылдың 1 тамызынан 2022 жылдың 30 қыркүйегі аралығында өткізіледі.
Акцияға ат салысуға мұғалімдерді, жеке кәсіпкерлерді және т.б  шақырамыз. Жақсылық жасап жарысайық!

Көмек қолын созу немесе көмекке мұқтаж болсаңыз төмендегі нөмірге хабарласыңыз.
Әлеуметтік педагог: Нурмухан Г.С 87029098912, 87472623276

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: