Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
10 «А» сыныбында «Ізденіс пен еңбек – ғылымға бастар қадам» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
06
сәуір
2026
10 «А» сыныбында «Ізденіс пен еңбек – ғылымға бастар қадам»
№188 мектеп-гимназиясының 10 «А» сыныбында «Ізденіс пен еңбек – ғылымға бастар қадам» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушылар ғылымға жетелейтін ізденіс пен еңбектің маңызын түсініп, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, №28 Қауіпсіздік сабағы аясында қауіпсіздік ережелері қайталанып, түрлі жағдаяттар талқыланды. «Алматы – таза қала» бағдарламасы бойынша оқушылар қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау туралы пікір алмасып, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың
«Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында «Біздің радио» форматында іс-шара өтті.
03
сәуір
2026
«Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында «Біздің радио» форматында
№188 мектеп-гимназиясында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында «Біздің радио» форматында іс-шара өтті. Бағдарлама барысында оқушылар Отан мен тіл тақырыбында өлеңдер оқып, өз өнерлерін көрсетті. Әрбір өлең жолынан туған жерге деген сүйіспеншілік пен ана тіліне деген құрмет айқын көрініс тапты. Осындай тағылымды шаралар оқушылардың патриоттық сезімін оятып, рухани құндылықтарды дәріптеуге үлкен ықпал етеді. 🇰🇿✨ @kusainova.s.a @bazarkul_muhtarovna @birtutas_tarbie2024 @almatydaryny
“Аутизм. Мүмкіндіктер әлемі” тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
02
сәуір
2026
“Аутизм. Мүмкіндіктер әлемі” тақырыбында түсіндіру жұмыстары
2 сәуір- Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні✅ Осыған орай мектеп мұғалімдеріне “Аутизм. Мүмкіндіктер әлемі” тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кішкентай ғана түсіністік — үлкен өзгеріске жол ашады 💫 @resource_center_almaty @oqu_agartu_ministrligi @edu.almaty @adistemelik_ortalyq_almaty #ГИРЦ #ҚИРО
📚✨ 2 сәуір — Халықаралық балалар кітабы күні
02
сәуір
2026
📚✨ 2 сәуір — Халықаралық балалар кітабы күні
https://youtube.com/shorts/qOFBj7GrVr4?feature=share 📚✨ 2 сәуір — Халықаралық балалар кітабы күніне орай оқушыларға қызықты сұрақтар қойылып, кітап әлеміне деген қызығушылықтары сыналды 📖💡 Балалар өздерінің сүйікті кейіпкерлері мен оқыған шығармалары туралы ой бөлісіп, белсенділік танытты. Кітап — білімнің кілті, ал бала — болашақтың тірегі. Сондықтан кітап оқуға деген сүйіспеншілікті бірге арттырайық! ❤️ @library.almaty @meirambektembayev 
Бүгін 1-4 сынып оқушылары үшін қызықты және тәрбиелік мәні бар сынып сағаттары өтті.
30
наурыз
2026
Бүгін 1-4 сынып оқушылары үшін қызықты және тәрбиелік мәні бар сынып
Бүгін 1-4 сынып оқушылары үшін қызықты және тәрбиелік мәні бар сынып сағаттары өтті. Оқушылар: • «Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 160 жыл» тақырыбында ұлы тұлғаның өмірі мен еңбегі туралы білді; • «Жолда қауіпсіздік ережелері» бойынша жолда абай болу, ережелерді сақтау маңызды екенін меңгерді; • «Көктеммен кездесеміз» тақырыбында табиғаттың оянуы мен жаңа жыл мезгілін атап өтті; • «Болашақ мамандығым туралы арманым» сабақта әр оқушы өз арманы мен болашақтағы кәсіби мақсаттары туралы
№188 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ БАҚ НАЗАРЫНДА🎬
19
наурыз
2026
№188 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ БАҚ НАЗАРЫНДА🎬
№188 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ БАҚ НАЗАРЫНДА🎬 №188 мектеп-гимназиясының оқушылары мақал жалғастырып, тапқырлықтарын ортаға салды. Әрбір шәкірт өз білімін, өнерін және ерекше ойлау қабілетін көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленді. Жас дарындардың белсенділігі мен ізденісі олардың болашаққа деген сенімді қадам жасап келе жатқанын айқын дәлелдейді. Мектебіміздің мақтанышы болған оқушыларымыз білім мен шығармашылықты ұштастыра отырып, жаңа жетістіктерге жетуге талпынып келеді. Осындай жарқын сәттер –
«Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауының қалалық кезеңінде «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» бағыты бойынша жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды
16
наурыз
2026
«Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауының қалалық кезеңінде «Бас болып өнер
Қуанышты жаңалық! 🎉 №188 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Райқұл Каусар республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауының қалалық кезеңінде «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» бағыты бойынша жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, байқауға белсене қатысып, білім мен өнерге деген қызығушылығын танытқаны үшін сертификатқа ие болды. Жетекшісі: Арғынбек Нұрайлым Ақылбекқызы. Жас дарын иесіне алдағы уақытта да биік белестер мен шығармашылық табыс
5-сынып оқушысы Нурланова Аяжан XXI «Зерде» 2–7 сынып оқушылары арасында өткен зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының қалалық кезеңінде математика, қолданбалы математика секциясы бойынша жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
16
наурыз
2026
5-сынып оқушысы Нурланова Аяжан XXI «Зерде» 2–7 сынып оқушылары
№188 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы Нурланова Аяжан XXI «Зерде» 2–7 сынып оқушылары арасында өткен зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының қалалық кезеңінде математика, қолданбалы математика секциясы бойынша жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жас зерттеушінің бұл жетістігі – білімге деген қызығушылығы мен ізденімпаздығының, табандылығының айқын көрінісі. Жетекшісі: Төкен М.Р. Дарынды оқушымызды және жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да ғылым
11-сынып оқушысы Аман Сымбат жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде ағылшын тілі пәнінен жоғары нәтиже көрсетіп, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
11
наурыз
2026
11-сынып оқушысы Аман Сымбат жалпы білім беретін пәндер бойынша
№188 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Аман Сымбат жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде ағылшын тілі пәнінен жоғары нәтиже көрсетіп, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл жетістік – оқушының білімге деген құштарлығы мен табандылығының, үздіксіз ізденісінің нәтижесі. Жетекшісі – мұғалім Закенова М.А. @kusainova.s.a @bazarkul_muhtarovna @birtutas_tarbie2024 @almatydaryny @almaty_birtutas_tarbie @mnurymbetov @sairan.saifedenov @meruert.69
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 98 Вперед