Желтоқсаншылар Лепесов Сайлау, Мухамеджанова Анар және Шахытбаева Айтжамал Добеновнамен 9 сыныптар арасында «Желтоқсан – тәуелсіздік бастауы» тақырыбында мектеп кітапханасында дөңгелек үстел өтті. » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Желтоқсаншылар Лепесов Сайлау, Мухамеджанова Анар және Шахытбаева Айтжамал Добеновнамен 9 сыныптар арасында «Желтоқсан – тәуелсіздік бастауы» тақырыбында мектеп кітапханасында дөңгелек үстел өтті.
15
желтоқсан
2022

Желтоқсаншылар Лепесов Сайлау, Мухамеджанова Анар және Шахытбаева Айтжамал Добеновнамен 9 сыныптар арасында «Желтоқсан – тәуелсіздік бастауы» тақырыбында мектеп кітапханасында дөңгелек үстел өтті.

2022 жылдың 15 желтоқсан күні #188 мектеп-гимназиясында Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Желтоқсаншылар Лепесов Сайлау, Мухамеджанова Анар және Шахытбаева Айтжамал Добеновнамен 9 сыныптар арасында «Желтоқсан – тәуелсіздік бастауы» тақырыбында мектеп кітапханасында дөңгелек үстел өтті.
Кездесудің мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
Әдемі отырыс барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, ақындардың өлеңдерін оқып, өз шығармашылықтарынан өлеңдер оқып, күй тартып, кеш қонақтарымен бірге ән айтып ерекше көңіл - күйде болды.
Кеш соңында қонақтарымыз мектепке Желтоқсан оқиғасы жайлы жазылған кітап сыйға тартса, оқушылар қонақтардан қолтаңба алды.
Дөңгелек үстелге қатысқан оқушылардың жүрегінде патриоттық сезімдер оянып, отырысты “Желтоқсандық өрендер ұмытылмайды, ерліктері мәңгілік сақталады”,- деп аяқтады.
@edu.almaty
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@almatydaryny
@akimat_nauryzbai_audany
#188мектепгимназия

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: