Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 5"А"сыныбында "Қош келдің, әз-Наурыз!" тақырыбында тәрбие сағаты өтілді.
17
наурыз
2023

5"А"сыныбында "Қош келдің, әз-Наурыз!" тақырыбында тәрбие сағаты өтілді.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз – жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс-берекенің арқауы, тек адамзаттың ғана емес, табиғаттың да жаңарып, бой түзейтін шағы. Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, төрт түлік төлдеп, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі Тәуелсіз елімізде зор ықыласпен тойланады.
Бүгін Наурыз мерекесінің бастамасы ретінде 5"А"сыныбында "Қош келдің, әз-Наурыз!" тақырыбында тәрбие сағаты өтілді. Мақсаты: наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы халқымыздың салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Тәрбие сағатының барысында оқушылар "Балаға ат қою", "Қырқынан шығару", "Бесікке бөлеу", "Тұсау кесу" салт-дәстүрлерін көрсету арқылы мәдениетіміз ұлтымыздың айнасы екенін түсіне білді.
Сынып жетекші Телтаева Г.Ж.
@edu.almaty
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@akimat_nauryzbai_audany
@kusainova.s.a
#188мектепгимназия



 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: