05
сәуір
2023
5-сынып оқушыларына “Мұрат Әуезовтің туғанына 80 жыл” атты тәрбие сағаты өтілді.

#188 мектеп-гимназия Биыл қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың ұлы- қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, ғалым Мұрат Әуезов -80 жаста. Осыған орай 30 наурыз күні 5-сынып оқушыларына “Мұрат Әуезовтің туғанына 80 жыл” атты тәрбие сағаты өтілді. Мақсаты: оқушыларды Мұрат Әуезовтің өмірбаяны және шығармаларымен таныстыру. Заңғар жазушы, қазаққа «Абай жолын» сыйлаған Мұхтар Әуезов өзі ғана емес, ұл-қызын да ұлтқа қызмет етуге тәрбиеледі. Қаламгердің ұлы Мұрат Әуезов мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері ретінде танылды. Ол Қазақстанның және халқымыздың рухани мәдениетін дамытуға, Орталық Азия халықтарының тарихи-мәдени құндылықтарын зерделеу мен насихаттауға өлшеусіз үлес қосты. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапхана төрінде өткен шарада тектінің тұяғы, ел үшін аянбай еңбек еткен азамат- Мұрат Мұхтарұлын өмір жолы балаларға үлгі етілді.
@edu.almaty
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@kusainova.s.a
#188мектепгимназия