«Озық ойлы оқырман» атты қалалық жас оқырмандар конференциясы өткізілді. » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Озық ойлы оқырман» атты қалалық жас оқырмандар конференциясы өткізілді.
28
ақпан
2024

«Озық ойлы оқырман» атты қалалық жас оқырмандар конференциясы өткізілді.

📚«Танымның бар тамшысы кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа»  Абай  Құранбайұлы
 №188 мектеп-гимназиясында, 28 ақпан 2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында «Оқуға құштар мектеп» инновациялық жобасын басшылыққа ала отырып, «Озық ойлы оқырман» атты қалалық жас оқырмандар конференциясы өткізілді. 
 📍Конференцияның мақсаты: жас ұрпақтың бойына жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру, өскелең ұрпақтың талаптарын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету. 
 📍Конференцияның кіріспе сөзін Наурызбай аудандық білім бөлімінің басшысы Кусаинова Салтанат Амангельдиевна ашып берді.Конференцияның негізгі қонақтары: ақын, аудармашы, Түркі дүниесіндегі әдебиеттің алтын көпірі, баспагер Саят Қамшыгер, Қазақстан Жазушылар және журналисттер одағының мүшесі, философия ғылымдарының докторы, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері Нұрдәулет Бәбиханұлы Ақыш және Наурызбай ауданы Отбасылық оқу кітапханасының қызметкері Өскенбай Гүлжайна. Сонымен қатар Алматы қаласының барлық аудандарынан жас оқырмандар мен жетекшілері қатысты. 10-11-сынып  оқушылары қазақ поэзиясының Хантәңірі атанған, ақиық ақын Мұқағали Мақатевтың поэзиясынан үзінділер оқыса, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сүндетов Нұрдәулет Саматұлы өз шығармашылығынан жас оқырмандарға жігер беретін туындысын тарту етті.  8-9-сынып оқушылары «Алдар көсе» ертегісінен қойылым көрсетіп, көрерменге рухани азық берді. Әрі қарай бағдарлама бойынша конференцияға  қатысушы жас оқырмандарды «Жарық» әдісі арқылы топқа бөліп, «Әдебиет әлеміне саяхат» 6-7 сыныптар, «Әлемді өгерткен бір кітап» 8-9 сыныптар, «Кітап кемелдік кілті» 10-11 сыныптардың оқушыларымен  кабинеттерде жалғасын тапты. Конференцияның қорытындысында Саят Қамшыгердің «Тастамашы Ана» кітабын ауданның білім бөлімінің атынан сыйға тартты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: