Наурыз мерекесіне арналған «КҮЙ КҮМБІРІ» Республикалық домбырашылар челленджі, » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Наурыз мерекесіне арналған «КҮЙ КҮМБІРІ» Республикалық домбырашылар челленджі,
20
наурыз
2024

Наурыз мерекесіне арналған «КҮЙ КҮМБІРІ» Республикалық домбырашылар челленджі,

«Қасиетті Наурыз – амандық, бірлік, мейірімділік
пен өзара сыйластық мерекесі»
«Біздің халқымыздың рухын көтеретін
домбыраға әр үйде құрметті орын берілген.
Домбыра - қазақ халқының жаны»
Қасым-Жомарт Тоқаев

      2024 жылдың 20 наурызында сағат 12:00-де Наурыз мерекесіне арналған «КҮЙ КҮМБІРІ» Республикалық домбырашылар челленджі, Наурызбай ауданы №188 мектеп-гимназиясында өткізілді. 
   Челлендждің мақсаты – білім алушылардың рухани-адамгершілік
мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени
мұрасын сақтау, балалардың домбырада орындау өнерін насихаттау.
«Домбыра — мәдениетіміздің негізгі символдарының бірі, ұлттық құндылығымыз. Бүгін домбыраның шанағынан төгілген үн еліміздің әр өңірінде әуеледі. Мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұраны сақтап, одан әрі жалғастырды.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: