8 сәуір мен 8 мамыр аралығында қалада «Алматы — біздің ортақ үйіміз» науқаны өтеді. » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында қалада «Алматы — біздің ортақ үйіміз» науқаны өтеді.
09
сәуір
2024

8 сәуір мен 8 мамыр аралығында қалада «Алматы — біздің ортақ үйіміз» науқаны өтеді.


АЛМАТЫ- БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ

   ✓ 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында қалада «Алматы — біздің ортақ үйіміз» науқаны өтеді. Мегаполистің барлық ауданын қамтитын науқанға Алматының әрбір тұрғыны мен қонағы қатыса алады.

 ✓  Басты мақсат — қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.

 ✓  Науқанды өткізу кезеңдері:
1. «Біздің қала — біздің көшелер» (8-14 сәуір)
2. «Біздің қала — біздің аула, біздің үй» (15-21 сәуір)
3. «Біздің қала — біздің тау, өзен мен көлдер» (22-28 сәуір)
4. «Біздің қала — біздің мақтаныш» (29 сәуір — 8 мамыр)

✓  Науқан барысында атқарылатын жұмыстар:
🔅 Павильонды, бағдаршамды, өткелді, қоқыс жәшігін, орындықты, ескерткішті жуу мен жөндеу.
🔅 Саябақты, көшені, тротуарды, арық желісін тазалау.
🔅 Жарық нүктесі мен маңдайшаны жаңғырту, ағаш отырғызу.

✓ Толығырақ almaty.kz сайтында.
✓  Науқанға атсалысыңыз, Алматыны көркейтейік, одан әрі әсемдейік!

 #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: