"Қоршаған ортаны қорғау – игілікті іс" тақырыбында аудан мектептері арасында жарыс » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қоршаған ортаны қорғау – игілікті іс" тақырыбында аудан мектептері арасында жарыс
13
қаңтар
2021

"Қоршаған ортаны қорғау – игілікті іс" тақырыбында аудан мектептері арасында жарыс

Қоршаған ортаны қорғау - қазіргі кездегі өткір мәселелердің бірі. Өйткені, бүгінде адамның қоршаған орта мен қарым - қатынасы күрделенді. Адам санасының өсуі, өнеркәсіптің өркендеуі, ғарышты игеру қоршаған ортадағы тепе - теңдіктің бұзылуына әкеп соғуда. Көптеген аймақтар экологиялық апатты аймақтарға айналды. Жер шарындағы халықтың 40 - 45 пайызы экологиясы нашар аймақта тұрып жатыр.Жыл сайын атмосфераға 20 млрд. тонна көмір қышқыл газы тарайды. Соңғы он жылда теңіз жануарларының мың түрі, өсімдіктердің 24 мың түрі, жабайы жануарлардың 106 түрі жойылып кеткен. Иә, табиғат - адамның күнкөріс көзі. Бірақ оны есепсіз шашып - төгіп пайдалануға болмайды. Жер шарының қай жерінде болмасын адамның өмірі, қызметі, өзінің және ұрпағының бүгіні мен ертеңі басатын жерге, демалатын ауаға, ішетін суға тікелей байланысты. Демек, адамбаласыболашақтыойласа барды күтіп, аялапсақтауменқосақалпынакелтіру, көркейтугемән беру керек.Оқушыларға экологиялық білім беру, қоршаған ортаның табиғатына немқұрайды қарамауға баулып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін одан әрі дамыту мақсатында 13.01.2021 жылы «Қоршаған ортаны қорғау – игілікті іс» тақырыбында аудан мектептері арасында жарыс өткізілді. Жарыс бірнеше кезеңдерден тұрды. Әр кезеңге оқушылар белсене қатысып, қоршаған орта жайлы білімдерін толықтыра түсті. Жарыс нәтижесінде төрешілер алқасының шешімімен 176 мектеп-гимназия оқушылары І орынды өз қанжығаларына байласа, ал 174 гимназия оқушылары ІІ орынға орнықты, үздіктер қатарынан 188 мектеп-гимназия оқушылары да көрініп ІІІ орынға ие болды.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: