20
желтоқсан
2024
5-10 сынып оқушыларына қауіпсіздікті қамтамасыз ету және пиротехникалық бұйымдарды дұрыс қолдану ережелерін түсіндіру

2024 жылдың 20 желтоқсанында Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №188 мектеп-гимназиясының 5-10 сынып оқушыларына қауіпсіздікті қамтамасыз ету және пиротехникалық бұйымдарды дұрыс қолдану ережелерін түсіндіру мақсатында, Алматы қаласы, Наурызбай ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция басқармасының қызметкерлері лейтенант Ауелбеков Айдын Сабитулы арнайы лекция өткізді. Түсіндірме жұмыстарының негізгі тақырыптары: Қолдану кезінде жарақат алу, өрт шығу және денсаулыққа зиян келтіру мүмкіндігі. Балалар мен жасөспірімдердің пиротехниканы дұрыс пайдаланбау салдарлары жайлы толық ақпарат берілді. Нәтижесінде оқушыларға пиротехникамен байланысты қауіптер туралы нақты ақпарат берілді. Төтенше жағдайлар туындағанда қандай нөмірге хабарласу керектігі түсіндірілді: 112. Оқушылар арасында қауіпсіздік шаралары туралы пікірталас өтті. Мақсаты – пиротехникадан келетін қауіптің алдын алу және оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру.