Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Менің отбасым – менің бақытым» тақырыбында 5-сыныптар арасында эссе жазу байқауы ұйымдастырылды.
15
мамыр
2025

«Менің отбасым – менің бақытым» тақырыбында 5-сыныптар арасында эссе жазу байқауы ұйымдастырылды.

https://youtube.com/shorts/bWy82aM5o-M?feature=share


2025 жылдың 15 мамыр күні Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №188 мектеп-гимназиясында Отбасы күніне орай «Менің отбасым – менің бақытым» тақырыбында 5-сыныптар арасында эссе жазу байқауы ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – оқушылардың отбасыға деген сүйіспеншілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және туған үйге, ата-анаға деген құрметті нығайту болды.

Эссе жазу барысында оқушылар өз отбасы туралы жүрекжарды ойларын, әсерлі естеліктерін, ата-аналарына деген махаббаттары мен алғыстарын көркем тілмен жеткізді. Шараға барлық 5-сынып оқушылары белсене қатысып, ерекше ынтамен өз шығармаларын жазды. Жұмыстар мазмұны мен жазу сауаттылығы, ойдың жүйелілігі, шығармашылық көзқарас және тақырыптың ашылуы бойынша бағаланды.

Нәтижесінде үздік эсселер анықталып, жүлдегерлер мен белсенді қатысушылар мектеп әкімшілігі тарапынан мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Аталған іс-шара оқушылардың отбасы туралы түсініктерін тереңдетіп, рухани-адамгершілік тәрбиесінің дамуына ықпал етті. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: