Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жас Сарбаз», «Жас құтқарушылар» әскери патриоттық клубтарымен бірге «Жас шекарашылар» АНТ қабылдады.
20
қазан
2025

«Жас Сарбаз», «Жас құтқарушылар» әскери патриоттық клубтарымен бірге «Жас шекарашылар» АНТ қабылдады.

[media=https://youtube.com/shorts/V1mFVIAgpw0?feature=share]
20 қазан 2025 жылы №188 мектеп-гимназиясында «Республика рухы – жас шекарашылардың жүрегінде!» тақырыбында Қазақстан Республикасының Республика күні мерекесіне орай, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Департаментінің сержанттық құрамды даярлау бөлімімен бірлесе отырып салтанатты шеру өткізілді. Мектеп алаңында «Жас Сарбаз», «Жас құтқарушылар» әскери патриоттық клубтарымен бірге «Жас шекарашылар» АНТ қабылдады. Мақсаты: ➢ оқушылардың отансүйгіштік рухын көтеру; ➢ елін, жерін қорғауға тәрбиелеу; ➢ әскери-патриоттық сананы қалыптастыру; ➢ Қазақстан Республикасының Республика күні мерекесінің маңыздылығын насихаттап, жас ұрпақтың ұлттық қауіпсіздік, шекара қызметі және құтқару саласына деген қызығушылығын арттыру; ➢ болашақ жас шекарашылардың ант қабылдау рәсімі арқылы патриоттық сезімдерін ояту. Іс-шараға арнайы «Застава тарландары» шекара қызметі ардагерлерінің төрағасы, генерал-майор Мажитов Марат Алимжанович, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі департаменті бастығының орынбасары, полковник Толеуханов Серик Кабдылгазинович, «АМАNАТ» партиясы Наурызбай аудандық филиалының төрағасы — Жамбылов Баймұрат Мұратханұлы, «Таулы Қарабах» ұрыс қимылдарының ардагерлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі департаментінің сержанттық құрамды даярлау бөлімінің қызметкерлері, Ту тобы, Шекара әскери оркестрі қонаққа шақырылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Боран» арнайы мақсаттағы басқармасының кинолог мамандары қызметтік иттермен бірлескен көрініс көрсетіп, шекарашылардың кәсіби шеберлігін көрсетті. @kusainova.s.a @bazarkul_muhtarovna @birtutas_tarbie2024 @almatydaryny @almaty_birtutas_tarbie @mnurymbetov @sairan.saifedenov @meruert.69 @otdel_obrazovaniya_nauryzoay @edu.almaty @almaty_mektepteri @nauryzbay_bilim_bolimi @nauryzbai_madeniet_bolimi 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: