Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Бастауыш мектепте оқуға деген қызығушылықты арттыру: мотивация мен оқыту ортасын қалыптастыру жолдары”
19
желтоқсан
2025

“Бастауыш мектепте оқуға деген қызығушылықты арттыру: мотивация мен оқыту ортасын қалыптастыру жолдары”

[media=https://youtube.com/shorts/qoneqZFNyd0?feature=share]

https://youtube.com/shorts/qoneqZFNyd0?feature=share​​​
Наурызбай ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес, 19 желтоқсан 2025 жылы №188 мектеп-гимназиясында “Бастауыш мектепте оқуға деген қызығушылықты арттыру: мотивация мен оқыту ортасын қалыптастыру жолдары” тақырыбында қалалық әдістемелік семинар өткізілді. Мақсаты: бастауыш мектеп оқушыларының оқу үлгеріміне әсер ететін мотивациялық факторларды талдау және оқу ортасын тиімді құрудың практикалық жолдарын көрсету. Семинарға Алматы қаласы мектептерінен 50 жуық бастауыш сынып ұстаздары келіп қатысты. Алматы қ. Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО әдіскері Базарбаева Альмира Маратовна 188 мектеп-гимназиясының директоры Б.М.Мауленова қатысушыларға семинардың мақсатымен таныстырды. Шеберлік сағаттары: “Эмоциялық қолдау және психологиялық жайлылық” - А. Жұмахан, дүниетану пәнінен ашық сабақ - Қ. Даниярова , қазақ тілі пәнінен ашық сабақ - Г. Елшибековалар өткізді. “Көрнекілік, қозғалыс, қызығушылық: бастауыш сынып оқыту ортасының үш тірегі” - Ж.Исатай , П.Қайыпова өткізсе, “Ойнап отырып - үйренемін: ойын арқылы қалыптасатын тиімді оқыту ортасы” - П.Амангельдиева, Ж.Чавкунова, “Бастауышта оқыту ортасын тиімді ұйымдастырудың заманауи модельдері” - С.Султанбек, А.Ибраева, “Құндылықтар кестесі” практикалық тренинг - Ж.Сабденова, Н.Еркінбайқызы кері байланыс барысында мұғалімдермен тәжірибе алмасып, қорытынды жасады. Семинар педагогтерге ЖИ-дің бастауыш сыныпта білім беруде қолданудың тиімді әдістерін меңгеруге мүмкіндік берді және бастауыш сыныптардың пәніндегі инновациялық бағыттардың дамуына серпін берді. @akimat_almaty @oqu_agartu_ministrligi @edu.almaty @bilim_basqarmasy @altynsarin_akademiasy @adistemelik_ortalyq_almaty @orken_instituty @orleu_almaty @darkhan_satybaldy_official @sairan.saifedenov 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: