28
қаңтар
2026
«Экоәлем” ұйымының 7 “Ә” сынып оқушылары Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне танымдық экскурсия ұйымдастырды.
«Экоәлем” ұйымының 7 “Ә” сынып оқушылары Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне танымдық экскурсия ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты — оқушылардың экологиялық білімін кеңейту, туған өлкенің табиғи байлықтарын таныстыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Экскурсия барысында оқушылар өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен танысып, табиғатты қорғау ережелері туралы мағлұмат алды. Табиғи нысандарды бақылау арқылы оқушылар экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырды. Мұндай танымдық шаралар оқушылардың экологиялық санасын дамытуда маңызды рөл атқарады. “Экоәлем” ұйымың жетекшісі: Жақыпақын Шынар Нұрдаулетқызы