11
ақпан
2026
«Листая страницы» атты аудандық сурет-иллюстрация байқауы І дәрежелі диплом

Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ағымдағы жылдың 10–20 ақпан аралығында жыр алыбы, суырыпсалма ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай 221 ЖББМ-те «Листая страницы» атты аудандық сурет-иллюстрация байқауын өткізді. Аталған байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық әдеби мұраға деген қызығушылығын арттыру және өнер арқылы рухани құндылықтарды дәріптеу. Байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің оқушылары жоғары нәтиже көрсетті: ✨ 8 «А» сынып оқушысы Кеңес Томирис І дәрежелі дипломмен марапатталды; Жетекшісі:Әшірбек А.Т ✨ 6 «В» сынып оқушысы Болатбек Сағи белсенді қатысқаны үшін сертификатқа ие болды. Жетекшісі: Нурсеитова Н.Г Оқушыларымызды жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Жас таланттарға шығармашылық табыс, шабыт пен жаңа белестер тілейміз! 🎉
