Өзін-өзі тану пәні бірлестігінің "Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты онкүндігінің ашылуы » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Өзін-өзі тану пәні бірлестігінің "Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты онкүндігінің ашылуы
01
ақпан
2021

Өзін-өзі тану пәні бірлестігінің "Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты онкүндігінің ашылуы



Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №188 мектеп-гимназиясының Өзін-өзі тану пәні бірлестігінің "Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты онкүндігінің ашылуы өтті. Мектеп басшысы Мауленова Базаркул Мухтаровна онкүндігінің ашылуымен құттықтап, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін дамыту мақсатында түрлі білім платформаларын пайдалана отырып, жоспар бойынша бекітілген іс-шараларды өткізуді атап өтіп, өзін-өзі тану пәнінің ұстаздарына сенім артты.
Онкүндіктің мақсаты: Оқушыларға рухани-адамгершілік құндылықтар туралы түсінік бере отырып, өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын және жауапты болуға тәрбиелеу, қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
Қоғам дамуында біздің күнделікті қарапайым тіршілігімізде сүйіспеншілік пен ізгілік, мейірімділік пен қарапайымдылық, шыдамдылық пен имандылық, адалдық пен ибалық сияқты асыл қасиеттерді өзін-өзі тану пәні арқылы бойымызға сіңіреміз. Тұлғаның рухани дамуына негіз болатын Өзін-өзі тану пәні бірлестігінің онкүндігіне сәттілік тілейміз! #188мг

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: