16
наурыз
2021
Наурыз мерекесіне орай қазақ халық ертегілерін дәріптеу және «Шебер қолдар» тақырыбында оқушыларды қолөнерге баулу
Наурыз мерекесіне орай қазақ халық ертегілерін дәріптеу және бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында, ұлттық ертегілердің кейіпкерлерімен бастауыш сынып мұғалімдері оқушыларға видеоқойылым көрсетті.
Сонымен қатар «Шебер қолдар» тақырыбында оқушыларды қолөнерге баулу, өнерге деген қызығушылығын, шығармашылығын арттыру. Оқушыларды жинақтылыққа, төзімділікке, икемділікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу мақсатында 10 сынып қыздары, оюдан жасалған әшекей бұымдар мен белдемшелер тігіп, ұлттық тағамдар әзірледі.