«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!..» тақырыбында өткізілген іс-шара туралы мәлімет » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!..» тақырыбында өткізілген іс-шара туралы мәлімет
20
қаңтар
2021

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!..» тақырыбында өткізілген іс-шара туралы мәлімет

Алматы қаласы Наурызбай ауданы

«№188 мектеп-гимназия» кмм «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!..» тақырыбында өткізілген іс-шара туралы мәлімет

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе

Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы 2019 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды.


Абайды қалай дәріптесек те жарасады. Оның ғибратты ғұмыры мен шынайы шығармашылығы – қазақ халқына ғана емес, жаһан жұртына да үлгі-өнеге. Абайдың адам мен қоғам, білім мен ғылым, дін мен дәстүр, табиғат пен қоршаған орта, мемлекет пен билік, тіл мен қарым-қатынас туралы айтқан ой-тұжырымдары ғасырлар өтсе де маңызын жоғалтпайды. Өйткені ақынның мұрасы – бүкіл адамзат баласының рухани азығы. Осыған орай мектеп мұғалімдер арасында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» тақырыбында челлендж өткізілді. Челендждың өтудегі басты мақсаты: Ұлы ақын шығармаларын талдай отырып, Абайды жан-жақты таныту және оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір — қасиетін ұғындыру болып табылды.

            Челлендж Абай өмірімен, шығармаларын таныстырып , кіріспе сөзбен ашып берілді. Кіріспе сөзден соң мұғалімдер Абайдың қара сөздерімен, өлеңдерін жатқа айтып, өз ойларымен толықтырып өтті. Жас маман Дінмұхамед Димаш 31 қара сөзін жатқа айтып ,сабағын оқуда, үйренуде басты бағыт етіп алдым десе, Тәжібаев Арыстанбек «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін оқып, жастарды оқу білімге жетелеуге құлшынысын оятатын керемет өлең деп баға берді. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: