10
сәуір
2021
«Өмір көктемі, көңіл көктемі» атты танымдық психологиялық тренинг
№188 мектеп-гимназиясының 8 «А» сынып жетекшісі Г.Ы.Шыңғыс көктемнің шуақты күндерінде балалардың ойына ой қосу мақсатында «Өмір көктемі, көңіл көктемі» атты танымдық психологиялық тренинг өткізді.
Мақсаты: оқушылардың психоэмоционалдық жағдайларын жақсарту, айналасындағылармен жақсы қарым-қатынас орнату. Шығармашылық қабілетті әрі қарай дамыту. Релаксация арқылы жағымсыз ойлардан арылу. Заман талабына сай ұйымдастырылған тренинг барысында оқушылар көңілдері сергіп,айналасына деген сүйіспеншілік қасиеттерінің артып,ойларымен қатар бойлары да сергіп, тыныстары кеңейіп қалғандарын байқатты. Жаздың хабаршысы ,ерке көктем балаларға қызықты да,таным-түсінігі мол демалыс болсын. Әр бала –болашағымыз,болашағымыз шаршаңқы емес,шабытты деңгейде өсуіне ат салысуымыз керек.