№188 мектеп-гимназияда 5-сыныптардың ата-аналарына арналған екінші «Директормен байланыс» атты онлайн-кездесу өтті. » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №188 мектеп-гимназияда 5-сыныптардың ата-аналарына арналған екінші «Директормен байланыс» атты онлайн-кездесу өтті.
03
сәуір
2021

№188 мектеп-гимназияда 5-сыныптардың ата-аналарына арналған екінші «Директормен байланыс» атты онлайн-кездесу өтті.

  Бүгін 3 сәуір күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасы негізінде Алматы қаласы, Наурызбай ауданы №188 мектеп-гимназияда 5-сыныптардың ата-аналарына арналған екінші «Директормен байланыс» атты онлайн-кездесу өтті. Онлайн кездесудің басты мақсаты: Балалар мен жасөспірімдердің тәрбиесі, құқық бұзу әрекеттері мен суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, сондай-ақ  психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша барлық толғандыратын мәселелер бойынша ата-аналарға пәрменді көмек көрсету. Ата-аналарға арналған сұхбатқа мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері, мектеп психологы, әлеуметтік педагог пен мектеп инспекторы қатысты. Онлайн кездесуде «Қоғамның жат әдеттерінен ұрпақты қорғайық» тақырыбында мектеп директоры Мауленова Базаркул Мухтаровна, «Қашықтан оқыту кезіндегі оқушының сабаққа қатысуы» тақырыбында ДТІЖО Қоқымбаева Меруерт Жамбылқызы, «Баланың сабаққа деген мотивациясын қалай көтеруге болады» тақырыбында мектеп психологы Абдолдаева Маншук Советкажиновна  баяндама оқыды. Кездесу барысында ата-аналар тарапынан мынандай сұрақтар қойылды. 1.Бала компьютердегі ойын мен түрлі бағдарламаларды көріп, ойнап отырады, сабақтан тыс уақытта баланы қызықтыратын әрі пайдалы немен айналысса болады?
2.Kundelik.kz  платформасында оқушы рейтингісін қалай көруге болады? Қойылған сұрақтарға мектеп әкімшілігі мен психолог маман жауап берді, көтерілген ұсыныстар мен мәселелер талқыланды.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: