10 "Ә" сыныбының жетекшісі Есимбаева Мархаба Есимбайқызының ұйымдастырумен, Ұлы Отан соғысының тыл ардагері Махашов Карл Батырұлымен онлайн танымдық кездесу өткізілді. » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 10 "Ә" сыныбының жетекшісі Есимбаева Мархаба Есимбайқызының ұйымдастырумен, Ұлы Отан соғысының тыл ардагері Махашов Карл Батырұлымен онлайн танымдық кездесу өткізілді.
05
мамыр
2021

10 "Ә" сыныбының жетекшісі Есимбаева Мархаба Есимбайқызының ұйымдастырумен, Ұлы Отан соғысының тыл ардагері Махашов Карл Батырұлымен онлайн танымдық кездесу өткізілді.

№188 мектеп-гимназияда 5 мамыр Қ.Р Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Ұлы Отан соғысының 76 жылдығы мерекесі қарсаңында 10 "Ә" сыныбының жетекшісі  Есимбаева Мархаба Есимбайқызының ұйымдастырумен, Ұлы Отан соғысының тыл ардагері Махашов Карл Батырұлымен онлайн танымдық кездесу өткізілді.Кездесудің мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деге сүйіспеншілігін арттыру. Қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.  Кездесу барысында оқушылар өздерінің ақ тілектерін айтып, алдағы келе жатқан мерекемен құттықтап, соғыс кезіндегі қиын күндер туралы соғыстың басталуымен аяқталуының себеп-салдары, 18-20 жастағы сарбаздар қатысқан әскери оқиғалардың қыр-сырын баяндап берді.ҰОС ардагерлерінің саны жыл өткен сайын азайып келе жатқанын және оларды ардақтап, қадірлеу барша жастарға парыз екенін атап өтілді.
#nurotan 
@akimat_nauryzbai_audany 
@naurizbay_nur_otan

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: