22
мамыр
2021
№188 мектеп-гимназиясында 1-11-сыныптар арасында онлайн режимде «Оқу жылының қорытындысы туралы» бірыңғай жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өткізілді.
22 мамырда Санитарлық-эпидемиялық жағдайға байланысты, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында №188 мектеп-гимназиясында 1-11-сыныптар арасында онлайн режимде «Оқу жылының қорытындысы туралы» бірыңғай жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналар жиналысының мақсаты: ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) 2020-2021 оқу жылының қорытындылары туралы хабардар ету. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мектеп директоры Б.Мауленова оқу жылының аяқталуы туралы жалпы ұйымдастыру мәселелеріне тоқталды: 2020-2021 оқу жылының қорытындылары, оқу жылының соңындағы іс-шаралар (соңғы қоңырау, мектеп бітіру кеші), жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру, мектеп формасы және т.б.). Сондай-ақ баланың үлгеріміне қанағаттанбаған ата-ана, мұғаліммен жеке кездесіп немесе «ZOOM» платформасы арқылы өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап ала алады. Ата-аналарға оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі жеке бас қауіпсіздігін сақтауы және ата-ана жауапкершілігі туралы нұсқаулық берілді. Өткізілген жиналысқа ата-аналар белсенді қатысты. Жиналыс «ZOOM» платформасы арқылы өткізілді. Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға әкімшілік жауап бере отырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.