«Бала құқығы- асыл қазына» деген тақырыпта ата-аналар жиналысы өтті. » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бала құқығы- асыл қазына» деген тақырыпта ата-аналар жиналысы өтті.
16
қараша
2021

«Бала құқығы- асыл қазына» деген тақырыпта ата-аналар жиналысы өтті.


13-қараша күні №188 мектеп-гимназияның 3 «Б» сыныбында сынып жетекшісі Адилбекова Шырай Тастемировнаның жетекшілігімен «Бала құқығы- асыл қазына» деген тақырыпта ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты ата-аналардың жанұядағы бала тәрбиесіне жауапкершілігін арттыру, әр баланың мінез –құлық ерекшеліктеріне сай қоғамда өзін – өзі ұстауы, үлкенге құрмет көрсетуі, құқық бұзбау әрекеттері жөнінде ой бөлісу. Сынып ата-аналарын өзара ынтымақтастықта, сыйластықта бірлесе әрекет етуге, пікір алмасып, ой білдіруге шыңдау. Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Жанұядағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту болды.
Жиналыста елімізде бала құқығы жан –жақты қарастырылғаны айтылды.
Жиналысқа қатысушы ата –аналар бала тәрбиесі, бала құқығы жайлы ойларымен бөлісті.
Ғаламтордың, теледидардың пайдалы, зиянды жақтарына талдау жасалды.
Бала тәрбиесінде кезінде өздеріне қолданған ата –аналарының баланы еңбекке баулудың дұрыс екендігін айтты.
Жиналыс барысында ата –аналармен психологиялық тест жүргізілді. «Кім шапшаң?» ойыны арқылы «Сіз балаңызбен күніне қанша уақыт өткізесіз? Баланың мінезі мен танымдық сферасының қалыптасуына телебағдарламалар мен ғаламтордың әсері бар ма? Сіз баланы не үшін жазалайсыз және марапаттайсыз?» деген сауалдарға жауап алынды.
Жиналыс соңында баланың жеке тұлға болып қалыптасуына жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет. Ұлы Абай: «Бір ғана қуанышым бар ол - менің балаларым»- деген екен. Әрбір ата - ана баласының денсаулығы мықты, ең жақсы адам болып, талапты болып өсуіне жауапкершілікпен қарау керектігі айтылды.
Жиналыс соңында ата-аналар кері байланысқа шығып, өз ризашылығын білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: