11
желтоқсан
2021
Наурызбай ауданының білім бөлімі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық телекөпір өткізілді.





10.12.2021 жылы Наурызбай ауданының білім бөлімі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық телекөпір өткізілді.
Бұл жобаның тақырыбы – «Ел тәуелсіздігі жолында – 30 жыл көшбасшылық».
Іс-шараның мақсаты:
- патриоттық сезімді, қазақ халқының мәдениеті мен тарихи мұрасына деген сүйіспеншілікті, құрмет пен қызығушылықты, әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты тәрбиелеу;
- туған жерге деген сүйіспеншілікке, мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, ой-өрісін кеңейту.
Бұл шараға Наурызбай ауданының барлық мектептерінің оқушылары мен мұғалімдері қатысады, сонымен қатар Италия, Шығыс Африка, Дағыстан, Түркия, Шри-Ланка, сияқты басқа елдерден келген қонақтар Zoom платформасы арқылы қосылатын болады.
Шарада ел бірлігін, ел тәуелсіздігін бағалаудың маңыздылығын, келешек өмірдің сапасы, білім берудегі заманауи ұстаздың рөлін, спорт,мәдениет салалары туралы мақтанышпен жеткізе отырып, басқа елдерде қалай жүріп жатқандығы жайлы пікір алмасу ұйымдастырылады.
Аталған іс-шараға #188 мектеп-гимназиясының оқушысы мен ұстазы қатысты.
@edu.almaty
@almaty_mektepteri