6 «Б» сыныбында «Ел болашағы - білімді ұрпақ» атты тәрбие сағаты өтті.
6 «Б» сыныбында «Ел болашағы - білімді ұрпақ» атты тәрбие сағаты өтті. Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді мүшесі. Бүгінгі жастар – егеменді елдің ертеңгі үміті, ата-бабамыз сан жылдар армандаған тәуелсіздігімізді көзінің қарашығындай сақтайтын ұрпақ жалғасы. Ел үмітін ер ақтар, ел болам десең, бесігіңді түзе демекші, бүгінгі жаңа буын жас талап күш-қайраты бойында бар кезде елі, ұлты үшін қызмет жасауға міндетті. Өз Отанын әлемнің ең дамыған елдерінің қатарына қосу - білікті, иманды,