Мектептің төлқұжаты және тарихы » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қыркүйек
2020

Мектептің төлқұжаты және тарихы

Мектептің төлқұжаты және тарихы


1.Мектептің жалпы сипаттамасы


1992-1993  жылы 1 қыркүйекте қазақ орта мектебі болып ашылды.

1993 жылы №9-362 шешімі бойынша балалар жазушысы, классик Б.Соқпақбаевтың есімі берілді. 

03.07.2014 жылы Алматы қаласының әкімі А.Есімовтың 3/539 қаулысы негізінде мектептің аты  «№188 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді. 

26.09.2017 жылы Алматы қаласының әкімі Б.Байбектің  3/388 қаулысы негізінде  №188 мектеп-гимназия статусы берілді. 

 

Сыйымдылығы 1200 оқушыға арналған. Мектептің оқыту тілі – қазақша. Биылғы оқу жылында мектеп-гимназиямызда 57 сынып-комплектісінде 1518 оқушы  бар. 10 – 11 сыныптар жаратылыстану – математикалық бағытындағы  бейінінде оқытылады. Мектеп ғимаратында 47 оқу кабинеті   жұмыс істейді. Тоғыз оқу кабинеттері    интерактивті тақтамен жабдықталған. Заманауи талаптарға сай жабдықталған кабинеттердің ішінде: мультимедиялық –лингафон кабинет саны – 2, компьютерлік  кабинеттер – 2,физика кабинеті –1, бастауыш кабинеті – 5, қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті – 1. Жаңа модификациядағы пәндік кабинет: физика кабинеті.Компьютерлік үштік тақта кабинеті -34. 150 орындық мәжіліс залы, 120 орындық асхана, медицина амбулаториялық қабылдау және егу жұмыстарына арналған 2 кабинет қарастырылған. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 1 (хореография) би залы және 1 спорт залы жұмыс істейді. Мектептің құрылтайшы құжаттары, білім беру ұйымының ішкі тәртібін белгілейтін құжаттар, өкімдік құжаттар  бар:

Мектеп заңды тұлға ретінде мемлекеттік қайта тіркеуден өтті.

  • Алматы қаласы Білім басқармасының «№188 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы қаласы Әділет департаментінің  Наурызбай аудандық әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден 01.09.1966 ж өткізілді. Куәлік №787-1910-08 ММ, БСН 660940000028.
  • «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы қаласы Әділет департаментінің   Наурызбай аудандық әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі Құрылтай құжаттары енгізілген өзгертулер және толықтырулармен заңды бұйрығы №442, 31.10.2017ж.
  • Құжат электронды үкімет порталмен құрылған Сәулет және қала құрылысы бөлімі –ҚР Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау туралы анықтама. Мекен-жай коды: 0201300054666507, 08.10.2018 ж.
  • Білім беру қызметімен айналысу үшін лицензияға қосымша  №KZ76LAA00011540, 23.04.2018 ж Бұйрық №225, 25.12.2017ж
  • Алматы қаласы Білім басқармасының «№188 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің лицензиясы №KZ76LAA00011540, 23.04.2018 ж
  • Заңды тұлғаның атауы және мекен - жайы: Алматы қаласы Білім басқармасының «№188 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Жандосов көшесі,4 үй. Электронды мекен-жайы: Sоkpakbaeva@mail.ru Телефон / факс 297-08-54
  • Мектептің жалпы алаңы  6410,1 ш.м., қабырғалары монолиттен салынған.
  • Жер учаскелік меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын беретін №0104208  актісі 15 сәуір  2015  жылы берілген, жер көлемі 2,6400 га

Мектептің іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының жалпыға міндетті білім беру стандарты, Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасы, мектептің жарғысы және басқа құқықтық-нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асады.    Мектептің іс құжаттары ҚР –ның заңдарына сәйкес ережелер мен нұсқауларды басшылыққа ала отырып жүргізіледі.

- негізгі  қызмет бойынша бұйрықтар

- қызметкерлердің жеке құрамы бойынша бұйрықтар

- еңбек келісім шарты

- еңбек келісім шартын тіркеу журналы

- еңбек кітапшасы

-еңбек кітапшасын беруді тіркеу журналы

-оқушылардың сабақ кестесі

-педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, директор жанындағы кеңестің жұмыс жоспрлары және хаттамалары талапқа сай жүргізіледі. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: