“Алматы БалаFEST” фестивалі аясында “Open Air Спорт” (Спорт және салауатты өмір салты) 6-7 сыныптар арасында ұлттық спорт түрі “Асық атудан” мектепшілік турнир өтті. » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Алматы БалаFEST” фестивалі аясында “Open Air Спорт” (Спорт және салауатты өмір салты) 6-7 сыныптар арасында ұлттық спорт түрі “Асық атудан” мектепшілік турнир өтті.
09
мамыр
2022

“Алматы БалаFEST” фестивалі аясында “Open Air Спорт” (Спорт және салауатты өмір салты) 6-7 сыныптар арасында ұлттық спорт түрі “Асық атудан” мектепшілік турнир өтті.



Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата-бабаларымыздың мол мұрасымен сусындату-біздің міндетіміз. Демек, бабалаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады.
Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат мұраттарының ең бастысы өз халқының, өз ұлтының тәжірибесін жалғастыратын ұрпақ тәрбиелеу. Осындай тәрбиенің бірі әрі бірегейі болып табылатын құндылықтарымыздың бірі- ұлттық ойын түрлері.
Осыған орай, №188 мектеп-гимназиясында “Алматы БалаFEST” фестивалі аясында “Open Air Спорт” (Спорт және салауатты өмір салты) 6-7 сыныптар арасында ұлттық спорт түрі “Асық атудан” мектепшілік турнир өтті.
Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйесін шыңдап, тілін дамытып, ойда сақтау қабілетін жетілдіреді, оларды дәлдікке, ұстамдылық пен сабырлыққа тәрбиелейді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: