№188 мектеп-гимназияда мектепішілік «Жыл мұғалімі» байқауы өтті » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №188 мектеп-гимназияда мектепішілік «Жыл мұғалімі» байқауы өтті
17
наурыз
2021

№188 мектеп-гимназияда мектепішілік «Жыл мұғалімі» байқауы өтті

Наурыздың 17.03.2021 жылы №188 мектеп-гимназияда мектепішілік «Жыл мұғалімі» байқауы өтті. 2021 жылдың  үздік мұғалімін анықтау мақсатында ұйымдастырылған байқауға әдістемелік бірлестіктің атынан ұсынылған 6 мұғалім қатысып, бақ сынады.Олар:1.    Жаутикбаева Айгул Адабаевна - қазақ тілі мен әдебиеті.
2.    Шыңғыс Гауһар  Ыбырайымқызы - қазақ тілі мен әдебиеті.
3.    Сегізбай Назгүл Нурланқызы – ағылшын тілі.
4.     Закенова Мереке Амангельдиевна - ағылшын тілі.
5.    Қайыпова Перизат Әлімқадырқызы - бастауыш сынып
6.    Сундетов  Нурдаулет Саматулы – тарих пәні
Байқау тапсырмаларына сай қатысушылардың І турда –  портфолиолары  зерделенді.
2 турда – «Менің инновациялық педагогтік тәжірибем» айдарымен мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық негіздерінің, әдістемелік және технологиялық құрылымының таныстырылымы болды. 
  3 тур – «Сабағым – мұғалімнің кәсіби тұжырымымның айнасы» айдарымен мұғалімнің өзінің  таныстырылымында баяндаған тұжырымдама негізінде сабақ берді.  4 тур – «Мен елімнің патриотымын» тақырыбында оқушыларымен тәрбие сағатын өткізді. 
Қазылардың шешіміне сай, 3 орынды ағылшын тілі пәнінің  мұғалімі Закенова Мереке Амангельдиевна , бастауыш сынып мұғалімі  Қайыпова Перизат Әлімқадырқызы, өзара бөліссе, 2 орын ағылшын тілі пәнінің  мұғалімі Сегізбай Назгүл мен  тарих пәнінің мұғалімі  Сундетов  Нурдаулет Саматулы берілді. І орынды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Шыңғыс Гауһар  Ыбырайымқызы жеңіп алса, бас жүлде қазақ тілі пәні мұғалімі  Жаутикбаева Айгул Адабаевнаға  бұйырды. Барлық жеңімпаздарға дипломдар табысталды. Ал байқау жеңімпаздары Шыңғыс Гауһар  Ыбырайымқызы  және Жаутикбаева Айгул Адабаевна  аудан мұғалімдері арасындағы « Жыл мұғалімі-2021» байқауына жолдама алды.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: