Қазан айында «Адал ұрпақ» ерікті клубының атқарған жұмысы » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазан айында «Адал ұрпақ» ерікті клубының атқарған жұмысы
30
қазан
2021

Қазан айында «Адал ұрпақ» ерікті клубының атқарған жұмысы

«№188 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

қазан айында «Адал ұрпақ» ерікті клубының атқарған 

жұмысы туралы



Мәлімет

2021-2022 оқу жылының қазан айында «Біздің таңдауымыз-заңды мемлекет» атты дөңгелек стөл өткізілді. Басты мақсаты азаматтыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметпен қарау, адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін, еңбексүйгіштікке, оқуға, еңбекке, өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу болды. 


Алматы қаласы, Наурызбай ауданы

«№188 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубына қабылдау рәсімі туралы


МӘЛІМЕТ

2021 жылдың 25 қазан айында Алматы қаласы, Наурызбай ауданы «№188 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелеріне 5-сынып оқушылары қабылданды. Іс шара барысында мектеп директоры Б.М.Мауленова сөз алып, оқушыларды құттықтады. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жетекшісі М.Нормова клубтың мақсат, міндеттерін көрсете отырып, клуб басшысы мен секция жетекшілерімен таныстырды. Өткен оқу жылында өткізілген жұмыстарға қысқаша есеп беріп, алдағы уақытта өткізілетін іс-шаралармен таныстырып өтті. 5 сынып оқушылары ант қабылдап, «Адал ұрпақ» клубына ресми түрде мүшелікке кірді. Рәсім соңында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының басшысы 11 «Ә» сынып оқушысы Абдраим Айхан ресми түрде қабылданған 5 сынып оқушыларын құттықтап, тілегін білдірді. Сонымен қатар, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қоқымбаева Меруерт Жамбылқызы  іс-шараны қорытындылай отырып, клубтың мүшелігіне кірген оқушыларды құттықтады. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: