ҰБТ -2021 Педагогикалық бағыттар бойынша жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ-ның шекті балы 75 баллға дейін ұлғайтылды » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҰБТ -2021 Педагогикалық бағыттар бойынша жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ-ның шекті балы 75 баллға дейін ұлғайтылды
07
сәуір
2021

ҰБТ -2021 Педагогикалық бағыттар бойынша жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ-ның шекті балы 75 баллға дейін ұлғайтылды

Педагогикалық бағыттар бойынша жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ-ның шекті балы 75 баллға дейін ұлғайтылды

📗Бұған дейін педагогикалық білім беру бағдарламаларына түсу үшін шекті балл 50 балл болған. Осы мамандыққа мықты түлектерді қабылдау мақсатында 2021 жылы ҰБТ-ның шекті балы 75 балға дейін көтерілді.

📗Өткен жылы педагог мамандығын таңдаған «Алтын белгіі» иегерлерінің саны шамамен 2 есеге артты. Ал педагогикалық бағыттар бойынша оқуға түскендердің орташа балы 90 балға жетті. Бұл педагог мамандығына мықты кадрлардың келуін қамтамасыз етеді.

📗Болашақ мұғалімдерді ынталандыру үшін олардың стипендиялары 42 мың теңгеге дейін өсті. Қазір педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттер ең жоғары стипендия алып жатыр.

📗Сонымен қатар, Президент Қ.Тоқаев мұғалімдердің жалақысын 2 есеге арттыруды тапсырған болатын.

@edu_news_qz

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: