Бастауыш сынып оқушыларына қиярдың пайдасы туралы мәлімет берілді » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бастауыш сынып оқушыларына қиярдың пайдасы туралы мәлімет берілді
06
қараша
2023

Бастауыш сынып оқушыларына қиярдың пайдасы туралы мәлімет берілді


Қияр құрамының негізін су құрайды. Сонымен қатар, бұл көкөністе А, В, С, РР, Е, К дәрумендері мен кальций, фосфор, магний, темір, натрий, хром, хлор, марганец, никель, кремний және калий минералдары бар.

Ағзаға ылғал береді. Адам ағзасына судың аса қажет екенін айтпасақ та түсінікті. Әсіресе, күн ыстық күндері ағза қатты шөліркейді. Ал қиярдың өзі 97 пайыз судан тұрады. Судың орнына қиярды жеп ағзаға ылғалды еркін толтыруға болады. Оның үстіне, қиярдағы микроэлементтер тері мен бет-әлпетке ылғал мен нәр береді.

Қатерлі ісіктің алдын алады. Қиярдың құрамындағы лигнан мен полифенол сынды заттар – қатерлі ісіктің өсіп шығуына кедергі келтіретін антиоксидантты қасиеті бар заттар. Әсіресе, әйел адамда болатын қатерлі ісіктердің бетін қайтарады.

Сүйекті берік етеді. Қиярда К дәрумені мол. Бұл витамин кальцийдің ағзаға сіңуіне көмектеседі. Содан сүйек берік болмақ. Сыну, шытынау, остеопороздан аман болады.

К дәруменінің тағы бір жақсы қасиеті – қарт адамның миына жағымды әсер етеді. Мидың белсенді болуына көмектеседі.

Ағзаны тазалайды. Қияр ішекті тазалап, жұмысын жақсартуға көмектеседі. Қиярдың құрамындағы эрепсин ферменті ақуызды қорытуға септігі тиеді. Әсіресе, етті қорытуға пайдалы деген сөз.

Күйзелісті жоқ қылады. Қияр – В тобындағы дәрумендердің нағыз қоры. Бұл витамин адамның неврологиялық денсаулығына пайдалы. Психиканың дұрысталып, ой белсенділігін жақсартады.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: