Наурызбай ауданы Полиция басқармасы Отбасылық-тұрмыстық
Алматы қаласы Наурызбай ауданы №188 мектеп-гимназиясында құқықбұзушылықтың, атап айтқанда, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында танымдық-тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шара аясында Наурызбай ауданы Полиция басқармасы Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің аға инспекторы, полиция капитаны Маратқызы Айнұр мектеп оқушылары және педагогикалық ұжыммен кездесу өткізіп, "Бақытты отбасы – бақытты бала" атты челлендж ұйымдастырды. @kusainova.s.a