Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
9–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Біз – болашақ сайлаушылармыз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
03
ақпан
2026
9–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Біз – болашақ сайлаушылармыз»
Ағымдағы жылдың 03 ақпанында мектебімізде 9–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Біз – болашақ сайлаушылармыз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру және сайлау жүйесі туралы түсініктерін кеңейту болды. Дөңгелек үстел барысында оқушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, қоғам өміріне белсенді араласудың маңыздылығы, азаматтық ұстаным мен сайлауға қатысудың рөлі туралы пікір алмасты.
VIII педагогикалық оқулардың аудандық кезеңінде І орынды иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алды.
02
ақпан
2026
VIII педагогикалық оқулардың аудандық кезеңінде І орынды иеленіп,
№188 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мәжіт Нұрмат Смайлұлы «XXI ғасырдағы ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтің көзқарасы» тақырыбында өткен VIII педагогикалық оқулардың аудандық кезеңінде І орынды иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алды. Бұл жетістік —ұстазымыздың кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісінің, білім беру саласына деген адал еңбегінің айқын дәлелі. Алдағы қалалық кезеңде де сәттілік серік болып, биік белестерді бағындыра беріңіз деп тілейміз.