9–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Біз – болашақ сайлаушылармыз»
Ағымдағы жылдың 03 ақпанында мектебімізде 9–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Біз – болашақ сайлаушылармыз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру және сайлау жүйесі туралы түсініктерін кеңейту болды. Дөңгелек үстел барысында оқушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, қоғам өміріне белсенді араласудың маңыздылығы, азаматтық ұстаным мен сайлауға қатысудың рөлі туралы пікір алмасты.