Бос жұмыс орны Хабарландыру » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
тамыз
2022

Бос жұмыс орны Хабарландыру

Еңбек биржасында бос жұмыс орны азайды

ХАБАРЛАНДЫРУ!


Алматы қаласы Наурызбай ауданы «№188 мектеп-гимназия» КММ бос жұмыс орындарына байқау өтетіндігі туралы хабарлайды!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымға тағайындау, қызметтен босату қағидаларына сәйкес, Алматы қаласы Білім басқармасының «№188 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022 жылғы 15 тамыздан 22 тамызға дейін мына қызметтер бойынша бос орындарға конкурс өткізеді:

  1. Математика пәнінің мұғалімі - 2 бос орын және 1 декреттік орын
  2. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - 1 бос орын
  3. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - 1 бос орын

Конкурс педагог қызметкерлердің бос орнына жұмысқа қабылданудан үміткерлердің кәсіби деңгейін, олардың лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды жолдайды:

ü Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлкеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығының 10-қосымшасына сәйкес конкусқа қатысу туралы өтініш;

üЖеке басын куәландыратын құжат;

üКадрларды есепке алу бойынша толтырылған іс парағы

üПедагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

üЕңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

ü"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

       Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
       Наркологиялық ұйымнан анықтама;

üҰлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);

üҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлкеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығының 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.


Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Жоғарыда көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.


Құжаттарды жолдау қажет:

электронды түрде е-mail: mektep188@almatybilim.kz

қағаз түрінде мына мекенжайға: Алматы қ., Таусамалы ықшам ауданы, Жандосов 4, «№188 мектеп-гимназия» КММ, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (түскі үзіліс: 13.00-14.00), «Қабылдау бөлмесі». 

Құжаттар 2022 жылғы 15 тамыздан басталып, 2022 жылғы 22 тамызда аяқталады.

Байланыс телефоны.: 8 727 297-08-54 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: