15
қараша
2022
“Ардақта…Отбасының басты қазығы,алтын тіреу діңгегі-ата-ана” 6 в сыныбы тәрбие сағатын өткізді
Жақсы тәрбие-сенің тұздықты дастарханға төгіп алмағаның емес,басқа біреу солай істегенде,оны сенің байқамауың.Адамды табиғат жаратқанымен, оны өсіріп,тәрбиелейтін қоғам мектеп және ата-ана!Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы “Ардақта…Отбасының басты қазығы,алтын тіреу діңгегі-ата-ана”
Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру.
Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Баланың жан - жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата - анасын, жора - жолдасын сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау.
Өткізген 6 В сыныбының жетекшісі география пәнінің мұғалімі Абильдаева Айман
@edu.almaty
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay