“Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі-бала” деген тақырыпта 2-сыныптар арасында ата-аналары жиналысы өтті » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі-бала” деген тақырыпта 2-сыныптар арасында ата-аналары жиналысы өтті
19
қараша
2021

“Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі-бала” деген тақырыпта 2-сыныптар арасында ата-аналары жиналысы өтті

13-қараша күні 188 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Смажанова Айнұр Советбековнаның жетекшілігімен “Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі-бала” деген тақырыпта 2-сыныптар арасында ата-аналары жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты ата-ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір-біріне деген сезімдерін нығайту, баланың дамуына теріс ықпал ететін жағдайлардың алдын-алу. 
Жиналыс барысында ата-аналармен психологиялық ахуал қалыптастырылды. Ата-аналар әдемі сазды әуеннің ырғағына бөлене отырып, бір-бірімен “Танысу” ойынын ойнады. Таныстықтарын өрбіту мақсатында “Бала тәрбиесі” туралы бейнеролик ұсынылды. Ата-аналар өз ойларын ортаға салып, пікірталас тудырды. 
“Сіз білесіз бе ?” , “Сіз қандай ата-анасыз?” деген сұрақтар легінде сауалнама жүргізілді. Ата-аналар белсене қатысып, бала тәрбиелеудегі өз тәжірбиелерімен бөлісті.
“СМС” әдісі арқылы жүргізілген кері байланыста ата-аналар өз ризашылықтарын білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: