«Бой түзеу – әуелі ой түзеу» атты тақырыпта іс- шара өткізілді » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бой түзеу – әуелі ой түзеу» атты тақырыпта іс- шара өткізілді
24
қаңтар
2023

«Бой түзеу – әуелі ой түзеу» атты тақырыпта іс- шара өткізілді

24.01.2023 күні №188 мектеп гимназиясында, мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кокымбаева Меруерт Жамбылқызы және педагог-психологтары Каипай Айнұр мен Нормова Мақпал 8 сынып қыздарымен кездесу ұйымдастырып, «Бой түзеу – әуелі ой түзеу» атты тақырыпта қыздарға ақыл-кеңестерін берді.
Мақсаты: Қыз балаларды сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу, үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу, білімді, жан-жақты болуға үйрету, оқушылар білімін сынау, білуге, үйренуге, бойларыңда қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларынды білу, ой бөлісу, қызығушылықтарынды арттыру, дарынды, мектептің мақтаны болуға тәрбиелеу. Кездесуге жалпы 51 қыз қатысты. Жасөспірім қыздың бойында пайда болатын физиологиялық өзгерістер төңірегінде әңгіме жүргiзiлiп, қыз бала гигиенасы қандай болу керектігi жөнінде мағлұмат берiлдi. Сондай-ақ, қыздардың мектеп өмірінде кездесетін проблемалары мен қиындықтары туралы тыңдалып, оқушылардың жеке өтiнiштерi мен ұсыныстары қабылданды.
@edu.almaty
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@akimat_nauryzbai_audany
#188мектепгимназия

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: