23
қараша
2021
«Қыз бала ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында 5-11 сыныптардың оқушыларымен кездесу өткізді.
2021 жылдың 23 қараша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қоқымбаева Меруерт Жамбылқызы және Алматы қаласы, Наурызбай ауданының Ішкі істер басқармасының кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі инспекторы Тулеушов Самат Нагашбекович әңгіме жүргізді. «Қыз бала ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында 5-11 сыныптардың оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты: Қазақ халқының ұлттық болмысын сақтай отырып, қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани байлығына, тәрбиесіне келтіретін зияны туралы түсінік беру. Кездесу барысында әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндірді. Сонымен қатар, халықтық тәлім-тәрбие негізінде қазіргі қазақ қыздарының бойында жан сұлулығын қалыптастыру жолдарын көрсете отырып сыпайылыққа, қыздарды сыйлауға, әсемділікке, көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу туралы ойларымен бөлісті. Оқушылар сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді.