24
ақпан
2023
Дабыл жер сілкініс оқу-жаттығуы өткізілді
Азаматтық қорғаныс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 24-ші ақпан күні #188 мектеп-гимназия дабыл жер сілкініс оқу-жаттығуы өткізілді.Аталған шара мектептің дайындық дәрежесін анықтауға және төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыруға бағытталған. Іс-шараға мектептің оқушылары мен оқытушылары қатысты.Қатысушыларға жер сілкінісі қауіп төнген кезде және қатты жер сілкінісінен кейінгі іс-қимыл тәртібі жеткізілді.Оқушыларды мектептің ішінен қауіпсіз жерге көшіру бойынша жаттығу өткізілді.Шара барысында мекеме қызметкерлерінің, білім алушыларының іс-қимылы, өзара байланыс әрекеттері пысықталды.
Ұйымдастырушы - АӘжТД пән мұғалімі Мухаметқалиев Бағдат Жолдасбаевич.
@edu.almaty
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@akimat_nauryzbai_audany
@kusainova.s.a
#188мектепгимназия

