Терроризмге қарсы жаттығу, төтенше жағдай кезіндегі эвакуациялау және сейсможаттығу өткізілді. » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Терроризмге қарсы жаттығу, төтенше жағдай кезіндегі эвакуациялау және сейсможаттығу өткізілді.
11
қараша
2021

Терроризмге қарсы жаттығу, төтенше жағдай кезіндегі эвакуациялау және сейсможаттығу өткізілді.


Ағымдағы жылдың 18 қазан күні “№188 мектеп-гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде терроризмге қарсы жаттығу, төтенше жағдай кезіндегі эвакуациялау және сейсможаттығу өткізілді. Ұйымдастырушылар — АӘД пәнінің мұғалімі Мухаметқалиев Бағдат Жолдасбаевич және тәрбие жұмыстарының меңгерушісі Қоқымбаева Меруерт Жамбылқызы.
Аталған шара мектептің дайындық дәрежесін анықтауға және төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыруға бағытталған. Іс-шараға мектептің оқушылары мен оқытушылары қатысты. Қатысушыларға жер сілкінісі қаупі төнген кезде және қатты жер сілкінісінен кейінгі іс-қимыл тәртібі жеткізілді. Оқушыларды мектептің ішінен қауіпсіз жерге көшіру бойынша жаттығу өткізілді.
Шара барысында мекеме қызметкерлерінің, білім алушыларының іс-қимылы, өзара байланыс әрекеттері пысықталады. Ең бастысы, сейсможаттығу төтенше жағдайларда үрей мен қысымдарды болдырмау үшін қажет.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: