Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 5"А" сыныбында "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
10
наурыз
2023

5"А" сыныбында "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Біздің халықта ежелден келе жатқан ұғым – тәлімде өнегелі қыздың ер жетіп өсуі ата-анаға және оның тәрбиесіне байланысты. Данышпан ақын Жүсіп Баласағұн « Қызға үлгі көрсет , ерлік ізгілікті басшылықа ала отырып, әдеп пен инабаттылықты үйрет. Сұрағанын бер, көз алдыңнан таса қылма, мықтап күзет. Мезгілі жеткенде тұрмысқа бер» дей келе қыз баланың барлық талап – тілегін орындау арқылы қатал ұстауды міндеттеді.
Мектебімізде 5"А" сыныбында "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: қазақ халқының әдет-ғұрыптары арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру және жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстауға үйрету. Сабақ барысында қазақ қыздарының бойында инабаттылық, ақылдылық, білімділік, саналылық деген сияқты қасиеттер болу керектігі түсіндірілді.
Сынып жетекші Телтаева Г.Ж.
@edu.almaty
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@akimat_nauryzbai_audany
@kusainova.s.a
#188мектепгимназия


 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: