04
мамыр
2023
«Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазылды.
Наурызбай ауданы №188 мектеп-гимназиясында 4-мамыр күні сағат 11:00-де «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазылды. Мақсаты – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу. Сондай-ақ, мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау және сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру да маңызды. Офлайн форматта өткізілген шараға мектеп-гимназияның 5-11 сынып оқушылары мен пән мұғалімдері қатысты. @otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@oqu_agartu_ministrligi @edu.almaty @kusainova_s.a