“Адал ұрпақ” еріктілер клубының мүшелігіне 5 сынып оқушылары ант қабылдау сәті » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Адал ұрпақ” еріктілер клубының мүшелігіне 5 сынып оқушылары ант қабылдау сәті
28
қазан
2020

“Адал ұрпақ” еріктілер клубының мүшелігіне 5 сынып оқушылары ант қабылдау сәті

2020 жылы 28 қазанда #188 мектеп-гимназиясында “Адал ұрпақ” еріктілер клубының мүшелігіне 5 сынып оқушылары ант қабылдап, қабылданды. “Адал ұрпақ” еріктілер клубының жетекшісі А.М. Сафарова клубтың мақсат, міндеттерімен таныстырды.
Клуб мақсаты: мектепте аса өнегелі, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты және патриотты қалыптастыру үшін жағдай жасау.
Көрсетілген мақсатты іске асыру үшін келесі міндеттер қойылады:
рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асыру; оқушылардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру; оқушылардың саяси-құқықтық білімін қалыптастыру; оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының адамгершілік-этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру.
Рәсім соңында “Адал ұрпақ” еріктілер клубының басшысы 10 “Ә” сыныбының оқушысы Абдреим Айхан ресми түрде қабылданған оқушыларды құттықтап, тілегін білдірді. Сонымен қатар, мектеп директоры Б.М. Мауленова және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Ж. Қоқымбаева іс-шараны қорытындылай отырып, клуб мүшелігіне кірген оқушыларды құттықтады.
Шараға Республикалық “Sanaly urpaq” жобалық кеңсесінің жетекшісі Қ.А.Токушев қатысты.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: