Наурызбай ауданының 10 жыл толуына орай аудан мектептерінің ұстаздары мен ауданымыздың өзге де қызметкерлері арасында асық атудан » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Наурызбай ауданының 10 жыл толуына орай аудан мектептерінің ұстаздары мен ауданымыздың өзге де қызметкерлері арасында асық атудан
18
наурыз
2024

Наурызбай ауданының 10 жыл толуына орай аудан мектептерінің ұстаздары мен ауданымыздың өзге де қызметкерлері арасында асық атудан

Асық ату ойыны – қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны.  Көнеден бері сабағы үзілмей жеткен ұлттық спорт ойыны ептілікке, мергендікке баулиды. Ойын барысы қызықты болғандықтан, көпшілік арасында кеңінен таралған. Ұлттық ойындарды насихаттау, мәдени мұрамызды жандандыру мақсатында №188 мектеп-гимназияда  Наурызбай ауданының 10 жыл толуына орай аудан мектептерінің ұстаздары мен ауданымыздың өзге де қызметкерлері (аудан әкімдігі,  халыққа қызмет көрсету орталығы, Іле Алатау мемлекеттік саябағы, Прокуратура және  ішкі істер бөлімі) арасында асық атудан жарыс өткізілді. Жарыс өте тартысты өтті. Өздерінің мергендіктерін, ептіліктерін көрсетіп, жеңіске жеткен мектептерді құттықтаймыз.
І орынды №174 мектеп-гимназия командасы;
 ІІ орынды №176 мектеп-гимназия командасы;
 ІІІ орынды №157 жалпы білім беретін мектеп командасы иеленді. 
⚜️Ұлттық өнерімізді өркендетуде аянбай атсалысайық!



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: