Ұсынылған оқу-әдістемелік материалдар/авторлық бағдарламалар бойынша тәжірибе жинақтау және тарату (педагог-зерттеушілер) бойынша өткізілген вебинардың қорытынды анықтамасы
Ұсынылған оқу-әдістемелік материалдар/авторлық бағдарламалар бойынша тәжірибе жинақтау және тарату (педагог-зерттеушілер) бойынша өткізілген вебинардың қорытынды анықтамасы
2025 жылғы 15 сәуірде №188 мектеп-гимназия базасында «Оқу-әдістемелік материалдар немесе бағдарламалар негізінде тәжірибені тарату» тақырыбында қалалық вебинар өткізілді. Іс-шара ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылды. Аталған вебинарға Алматы қаласының Әуезов, Медеу, Алатау, Алмалы және Наурызбай аудандарының жалпы білім беретін мектептерінен педагогтер қатысты. Вебинар барысында өздерінің авторлық бағдарламалары негізінде педагогикалық тәжірибесімен келесі ұстаздар бөлісті:
- Шыңғыс Гауһар Ыбрайымқызы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Эссе – шығармашылық ойдың жемісі» тақырыбындағы 9-сыныпқа арналған авторлық бағдарламасын ұсынды;
- Асанова Айида Бектемировна және Билалиева Гулжанар Оралбаевна – бастауыш сынып мұғалімдері, «Құрама есептерді іріктеу және оқыту әдістемесі» атты авторлық бағдарламаларын таныстырды;
- Шекербекова Салтанат Абдірашитқызы – математика пәнінің мұғалімі, «Математикалық модель құру арқылы арифметикалық және алгебралық есептер шығару» тақырыбындағы авторлық бағдарламасымен бөлісті.
Вебинар барысында қатысушылар тарапынан белсенді пікір алмасу орын алды. Педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушы әріптестерден оң пікірлер мен ұсыныстар қабылдады.
Вебинар бойынша фотоматериалдар төменде ұсынылады:
Билалиева Гулжанар Оралбаевна «Құрама есептерді іріктеу және оқыту әдістемесі » (Алатау, Наурызбай, Әуезов аудандары)

Шыңғыс Гауһар Ыбрайымқызы «Эссе- шығармашылық ойдың жемісі» 9 -сыныпқа арналған авторлық бағдарлама
(Алатау, Наурызбай, Әуезов, Медеу аудандары)


Асанова Айида Бектемировна «Құрама есептерді іріктеу және оқыту әдістемесі »
(Алатау, Наурызбай, Әуезов, Алмалы аудандары)

Шекербекова Салтанат Абдірашитқызы "Математикалық модель құру арқылы арифметикалық және алгебралық есептер шығару
(Алатау, Наурызбай, Әуезов, Алмалы аудандары)
