08
желтоқсан
2025
2025 жылдың 08 желтоқсанында Наурызбай ауданы Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналдық полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Аденов Айдос Мәлікұлының қатысуымен 5–11 сынып оқушыларына ар

2025 жылдың 08 желтоқсанында Наурызбай ауданы Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналдық полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Аденов Айдос Мәлікұлының қатысуымен 5–11 сынып оқушыларына арналған құқықтық түсіндірме жұмысы өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты – оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтауға тәрбиелеу, суицид, буллинг, кибербуллинг, темекі шегу, электронды темекі (вейп), алкоголь, түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүру, ұрлық, бопсалау, төбелес және басқа да теріс әрекеттердің алдын алу болып табылады. Түсіндірме жұмысы барысында полиция лейтенанты Аденов Айдос Мәлікұлы оқушыларға: – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі мен Қылмыстық кодексінің негізгі баптарын, – жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерін, – құқық бұзушылық жасаған жағдайда қолданылатын жауапкершілік түрлерін, – мектепте және қоғамдық орындарда тәртіп сақтау ережелерін, – интернет пен әлеуметтік желілерде қауіпсіздік сақтау жолдарын жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ, оқушыларға ата-ананың және жасөспірімнің жауапкершілігі, түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруге тыйым салынатыны, құқық бұзушылықтың болашақ өміріне кері әсер тигізетіні нақты өмірлік мысалдар арқылы түсіндірілді. Кездесу соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауаптар беріліп, құқықтық кеңестер ұсынылды. @kusainova.s.a @bazarkul_muhtarovna @birtutas_tarbie2024 @almatydaryny @almaty_birtutas_tarbie @mnurymbetov @sairan.saifedenov @meruert.69 @otdel_obrazovaniya_nauryzoay @edu.almaty @almaty_mektepteri @nauryzbay_bilim_bolimi @nauryzbai_madeniet_bolimi