30
желтоқсан
2025
№3 ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС ӨТТІ✅
№3 ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС ӨТТІ✅ Тақырыбы: «Білім сапасын арттыру – басты бағыт: инновация, тәжірибе және кәсіби құзыреттілік» Әдістемелік кеңес барысында білім беру сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуы мен заманауи оқыту тәсілдерін тиімді қолдану мәселелері жан-жақты талқыланды. Күн тәртібіндегі мәселелер: 1. «Жартыжылдық белес: табыс пен тәжірибе тоғысы» Баяндамашы: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жұмадилова Р.О. 2. «Педагогтерді аттестаттау: кәсіби өсудің жаңа сатысы» Баяндамашы: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жұмадилова Р.О. 3. «Сабақ үдерісінде жасанды интеллектіні тиімді пайдалану: педагогтің жаңа құзыреттілігі» (коучинг-сессия) Сабақ жоспарлау, тапсырмалар дайындау және кері байланыс орнатуда ChatGPT, Canva, Gamma секілді жасанды интеллект құралдарын қолдану жолдары көрсетілді. Баяндамашылар: пән мұғалімдері Сүлейменова С., Қаныбек А. 4. «Ойын элементтері арқылы оқытудың сапасын арттыру: геймификация әдістері» Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың белсенділігін арттыратын интерактивті ойын технологияларын оқу үдерісіне кіріктіру үлгілері ұсынылды. Баяндамашылар: пән мұғалімдері Исроилова Л., Мұса Б. 5. «Жас маманның жолы: алғашқы қадамдар, сабақ үдерісіндегі қиындықтар және жинақталған тәжірибе» Жас мамандардың І жартыжылдықтағы жұмысына рефлексия жасалып, тәлімгерлермен бірлескен жұмыс нәтижелері мен кәсіби бейімделу барысы талқыланды. Баяндамашылар: жас мамандар Абдықалықова А., Хамидулла А., Мейірхан Б. Қорытындылай келе, әдістемелік кеңес педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, инновациялық тәжірибелерді таратуға және білім беру сапасын жүйелі түрде жақсартуға бағытталған маңызды алаң болды. @kusainova.s.a @bazarkul_muhtarovna @birtutas_tarbie2024 @almatydaryny @almaty_birtutas_tarbie @mnurymbetov @sairan.saifedenov @meruert.69 @otdel_obrazovaniya_nauryzoay @edu.almaty @almaty_mektepteri @nauryzbay_bilim_bolimi @nauryzbai_madeniet_bolimi