Отбасы - шағын мемлекет. » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
қыркүйек
2020

Отбасы - шағын мемлекет.

Отбасы - шағын мемлекет. Ол тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді. Отбасы – қоғамның іргетасы, ажырамас бөлігі.
 Отбасының ең басты құндылығы – күнделікті өмірінен білініп жүрген  патриоттық сезімі, үлкендерді құрметтеумен байланысты және бала  тәрбиесінде, оқуда, еңбекте көрсетілген рухани-өнеге негіздерін ұрпақтан-  ұрпаққа жалғастыруы. Әрбір шаңырақтағы береке – түптеп келгенде, тұтас елдің берекесі. Адамға еңбекқорлық, отансүйгіштік, жасампаздық пен  мейірімділік сияқты асыл қасиеттер отбасы арқылы дариды демекші отбасы мерекесімен Алматы қаласы Наурызбай ауданы №188 мектеп-гимназия ұжымы және 3 «Г» сынып оқушысы Серік Медина және оның отбасы сіздерді құттықтай отырып, жанұяларыңызға бақыт пен шаттық, ынтымақ пен бірлік тілейді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: