"Өзін-өзі тану сүйіспеншілік және шығармашылық педагогикасы" » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Өзін-өзі тану сүйіспеншілік және шығармашылық педагогикасы"
05
ақпан
2021

"Өзін-өзі тану сүйіспеншілік және шығармашылық педагогикасы"

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №188 мектеп-гимназиясының  "Өзін-өзі тану сүйіспеншілік және шығармашылық педагогикасы" атты 3-13.02.2021 аралығында онкүндігіөтті. Мектеп басшысы Мауленова Базаркул Мухтаровна онкүндігінің ашылуымен құттықтап, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін дамыту мақсатында түрлі білім платформаларын пайдалана отырып,  жоспар бойынша бекітілген іс-шараларды өткізуді атап өтіп, өзін-өзі танупәнінің ұстаздарына сенім артты.

Онкүндіктің мақсаты: 

Оқушыларға рухани-адамгершілік құндылықтар туралы түсінік бере отырып, өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын және жауапты болуға тәрбиелеу, қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде   дамыту. Қоғам дамуында біздің күнделікті қарапайым тіршілігімізде сүйіспеншілік пен ізгілік, мейірімділік пен қарапайымдылық, шыдамдылық пен имандылық, адалдық пен ибалық сияқты асыл қасиеттерді өзін-өзі тану пәні арқылы бойымызға сіңіреміз. Тұлғаның рухани дамуына негіз болатын Өзін-өзі тану пәні бірлестігінің онкүндігіне сәттілік тілейміз! 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: